Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында 51,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Түркістан облысында 51,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер телімдерін алып қою бойынша облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоаралық кіші топ тарапынан 2025 жылға облыс бойынша 110 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан 51,1 мың гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мақсатына сай пайдаланбаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайтару жұмыстардың барысы туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, республика бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған жерді айналымға енгізу барысында, мал жаю үшін ауылдық әкімдіктерге бекітілген 2036,8 мың гектар жайылым жердің 497,5 мың гектары немесе 24 пайызы Түркістан облысына тиесілі.

Былтыр елді мекендерді қоғамдық жайылымдармен қамтамасыз ету бойынша жалпы 68,2 мың гектар жайылым жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл өңірде 831,8 мың шартты мал басына жайылым тапшылығы 539,8 мың гектарды құрады. Жұмысшы топ тарапынан 3960 жер пайдаланушылардың 372,6 мың гектар жайылым аумақтарына мал басының тіркелмегендігі анықталған. Осыған орай, аудан, қала әкімдіктерінде жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыруды, бекітілген жоспарды уақтылы орындауды тапсырды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті