Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

1,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

1,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында жалпы ауданы 1,9 мың гектар болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жерлердің пайдаланылмай жатқаны анықталды. Бұл Заң Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің жер заңнамасына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу не ауыл шаруашылығы өндірісін жүзеге асыру үшін берілген жер телімдері пайдаланылмай жатқаны анықталған күннен бастап бір жыл ішінде нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаса, заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Анықталған заң бұзушылықты жою және заңдылықты қалпына келтіру мақсатында департамент Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Сот департаменттің талап арызын толықтай қанағаттандырды. Нәтижесінде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды