Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді

Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді
Фото: primeminister.kz

Бұл мәліметтер 5 маусымда Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің (ЖРБК) мәліметінше, 2022–2024 жылдары мемлекеттік меншікке қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінді. Оның ішінде, елді мекен маңындағы 2 млн гектар жайылым жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді. Қалған 3,9 млн гектар жер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында конкурс арқылы таратылды.

Соңғы үш жылда жергілікті инспекциялардың араласуынан кейін бұрын пайдаланылмай жатқан 3,8 млн гектар жерді бұрынғы жер иелері қайта игере бастады.

2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтарылуы жоспарланған 2 млн гектар ауыл шаруашылығы айналымындағы жердің қазірдің өзінде 979,1 мың гектары қайтарылды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді әрі ашық бөлу тетіктерін әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Негізгі қадамдардың бірі – мәліметтерді цифрландыру және жер телімдерін бөлу бойынша электронды конкурстарға көшу.

«Бүгінге дейін шөл және шөлейт алқаптарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы айналымындағы барлығы 205,5 млн гектар жер цифрландырылды. 2025 жылдың соңына дейін карталар деректерін тиісті координаттық жүйеге жүктеу жоспарланып отыр», — деп жалғастырды Мұрат Теміржанов.

Сонымен қатар жиында белсенді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жер пайдалану құқығын ұзарту және маусымдық шаруашылықтардың қызметін реттеу мәселелері қаралды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады