Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында игерусіз жатқан 1 570 гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Қызылорда облысында игерусіз жатқан 1 570 гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және оларды кейіннен ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үшін мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлікке қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесінде Қазалы ауданында жалпы ауданы 1 571 гектар жер учаскесінің пайдаланылмай отырғаны анықталды.Осыған байланысты департамент Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді.

Сот шешімімен талап қою арызы толық қанағаттандырылып, нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.Министрлік пайдаланылмай жатқан және заң талаптарын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Басты мақсат – жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы игерусіз жатуына жол бермеу және оларды ауыл шаруашылығы өндірісіне тартуға қажетті жағдай жасау. Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелері алдағы уақытта жер заңнамасының талаптарына сәйкес тиімді пайдалану үшін қайта беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды