Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Деректерді өңдеу орталығының алқабы» жобасын жүзеге асыру үшін пилоттық орын ретінде Екібастұз таңдалды

«Деректерді өңдеу орталығының алқабы» жобасын жүзеге асыру үшін пилоттық орын ретінде Екібастұз таңдалды
Фото: primeminister.kz

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысында «Деректерді өңдеу орталығының алқабы» жобасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-министр Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы аясында Мемлекет басшысы бұл жобаны орынды бастама ретінде бағалағанын атап өтті.
Деректерді өңдеу орталықтары алқабын орналастыру үшін пилоттық локация ретінде Павлодар облысының Екібастұз қаласы таңдалды. Павлодар облысының әкімдігі жалпы ауданы 200 гектар болатын жер учаскесін резервтеуде. Жоба сумен жабдықтау, автомобиль жолдары, телекоммуникация және электрмен жабдықтауды қоса алғанда, базалық инфра-құрылымды кешенді түрде жүргізуді талап етеді, — деді Ростислав Коняшкин.
Жоба Қазақстан аумағында деректерді өңдеу орталықтары мен бұлтты жасанды интеллект инфрақұрылымының халықаралық хабын қалыптастыруға негіз қалайды, жетекші hyperscaler-компанияларды тартуға мүмкіндік береді, жоғары жалақысы бар білікті жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді, сондай-ақ есептеу және цифрлық қызметтер экспортын ұлғайту үшін жағдай жасайды. Жоба аясында инвесторлардың түрлі инвестициялық стратегиялары мен дайындық деңгейін ескеретін икемді қатысу модельдері қарастырылған. Бұл тәсіл инвесторларды, технологиялық компанияларды және бұлтты провайдерлерді тартуға мүмкіндік береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады