Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда Ұлттық ұланның 350-ден астам жас сарбазы әскери ант қабылдады

Көкшетауда Ұлттық ұланның 350-ден астам жас сарбазы әскери ант қабылдады
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Көкшетауда орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде 350-ден астам жас сарбаз әскери ант қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге әскери қызметшілердің ата-аналары, туған-туыстары, достары мен жақындары арнайы келіп қатысты. Ұлдарының өміріндегі маңызды сәттің куәсі болған ата-аналар толқыныс пен қуанышқа бөленіп, олардың әскери ант қабылдау рәсімін мақтанышпен тамашалады.

Сап түзеген жас сарбаздар Қазақстан Республикасына адал болуға, халқына қалтқысыз қызмет етуге, Отан алдындағы әскери борышын абыроймен орындауға салтанатты түрде ант берді.

Әскери ант — әрбір азаматтың өміріндегі жауапкершілігі жоғары әрі есте қаларлық ерекше сәт. Бұл — Отанға деген адалдықтың, патриотизмнің және әскери борышқа деген құрметтің белгісі.

Салтанатты рәсімнен кейін ата-аналар мен жақындары сарбаздармен қауышып, ақ тілектерін білдіріп, естелік суреттерге түсті. Бір сәттік жүздесу ата-аналар үшін де, сарбаздар үшін де ерекше әсерге толы болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды