Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда жас сарбаздар алғашқы рет жауынгерлік қызметке аттанды

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде жақында ғана әскери ант қабылдаған жас жауынгерлер, алғашқы рет Орал қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында жауынгерлік қызметке шықты.  Айта кетейік, жас сарбаздар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге Орал қаласының тұрғындарының қауіпсіздігімен қала тыныштығын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бүгін 5517 әскери бөлімінің саптық алаңында жас сарбаздардың алғашқы жауынгерлік қызметіне арналған таралым өткізілді. Шара барысында әскери бөлім командирі подполковник Сағындық Алқайдаров жас сарбаздарды жауынгерлік қызметтің алғашқы күнімен құттықтап, алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, заңдылық пен әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауды, халыққа қалтқысыз қызмет етуді тапсырды.

Айтулы шараға әскери бөлімнің ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып жас жауынгерлердің  алдағы жауынгерлік қызметтеріне толағай табыстар тілеп, жауынгерлік қызметті атқаруға арналған куәліктерін табыстады.   

Айта кетейік Ұлттық ұлан сарбаздары Орал қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысынада тонау, ұрлық және қарақшылық фактілерін ашады, іздеуде жүрген күдіктілерді ұстайды, есірткі қолданушыларды құрықтайды, сондай-ақ ата-аналарға жоғалған балаларын табуға көмектесіп келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды