Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда бейнекамералар арқылы 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Павлодарда бейнекамералар арқылы 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Фото: polisia.kz

Жедел басқару орталықтарының жұмысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, құқық бұзушылықтармен күресуге, соның ішінде көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ полицияның кешенді күштерінің қылмыстар мен азаматтардың хабарламаларына жедел әрекет етуіне бағытталған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Павлодар қаласында бейнебақылау камералары арқылы урнадан тыс жерге темекі тұқылын тастаған ер адам анықталды. Қала тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полицияның мәліметінше, ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпті бұзатын және қоғамға құрметсіздік танытатын әрекеттер. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу ауыр қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейнекамералар қоғамдық орындарда мас күйде жүрген азаматтарды да жиі тіркейді. Заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарда мас күйде жүру және алкоголь ішу – әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Мас күйдегі адамдар өзіне де, өзгелерге де қауіп төндіруі мүмкін. Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда 102 нөміріне, "Police 102" мобильді қосымшасы немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасы арқылы хабарлауға болады. Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 3 мыңнан астам құқық бұзушылық пен 25 қылмыс анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар заң талаптарына сай жауапкершілікке тартылды. Қаңтар айында «Заң және тәртіп» сервисі арқылы 33 өтініш тіркеліп, оның 18-і жол қозғалысы ережелерін бұзу, 15-і қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне қатысты болды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті