Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Үкіметте инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында «Айдарлы» жобасын, Жетісу облысының Кербұлақ ауданында тау-кен байыту комбинатын салу, Көксай кен орнын игеру жөніндегі инвестициялық жобаны, «Новоджамбульский фосфорный завод» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС жобаларын, Курчатов қаласында қуаты 700 МВт конденсациялық электр стансасын, Жезқазған ЖЭО-да қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысын салу мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлыбек Нәлібаев өңірлер мен өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жобаларды табысты іске асыру үшін Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету жалғасатынын растады.

Жиын барысында жобаларды іске асыруға әсер ететін мәселелерді уақтылы шешу үшін мемлекеттік органдар мен компаниялардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қаралған инвестициялық жобалар жөніндегі бастамаларды пысықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді