Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, өңірлерде оңалту орталықтарын салу, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС қоймалық инфрақұрылымының құрылысы мәселелері қаралды.
Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау нысандарының іске асыру мерзімдерін сақтау, уақтылы қаржыландыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қажетті медициналық бұйымдармен жабдықтауды ерекше бақылауға алу тапсырылды.