Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Сингапурдағы әлем чемпионатында өз роботтарын таныстырады

Қазақстандық оқушылар Сингапурдағы әлем чемпионатында өз роботтарын таныстырады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-Ағарту Министрлігінің қолдауымен елордалық Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында USTEM Foundation және Caravan of Knowledge қоғамдық қорларының FIRST Global Challenge робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадасының ұлттық іріктеу кезеңі өтуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстандық оқушылармен қатар додаға Моңғолия мен Өзбекстан командалары да қатысып жатыр. Сингапурдағы робототехника бойынша бүкіләлемдік олимпиадада ел намысын қорғау үшін мұнда 200-ден астам қазақстандық оқушы өзара бақ сынасуда. 

«FIRST Global Challenge - робототехника бойынша ең ауқымды олимпиада болып саналады. Өткен жылы Женевада біздің команда керемет жеңіс үлгісін көрсетіп, чемпионаттың алтын жүлдесіне және төрешілердің екі бірдей жоғары марапатына ие болған еді. Биылғы жылы біз бұл жеңісімізді тағы қайталасақ дейміз. Сондықтан ел намысын қолдан бермеу үшін, ең мықты ақыл-ой иелерін іріктеуге тырыстық», - дейді USTEM Foundation қорының негізін қалаушылардың бірі Нұрдәулет Досмағамбет.


Айта кетейік, бағдарламалау және түрлі инженерлік тапсырмаларды орындау бағыттары бойынша қатысушыларды іріктеу биылғы жылдың мамыр-тамыз айларында өтті. Финалға ең мықты 40 команда жолдама алды.

Биылғы сайыс тақырыбы сутегін отын ретінде пайдалану мүмкіндіктеріне негізделген. Оқушылар имитациялық ойын алаңында сутегі мен оттегі атомдарын сұрыптай алатын роботтар жасауда. Сондай-ақ, оқушылар маусымдық тақырыптар бойынша өздерінің ғылыми жұмыстарын да таныстырады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті