Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті
Фото: primeminister.kz

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар саммиті өтті. Саммит барысында «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасы және «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелева, ғылыми және педагогикалық қауымдастық өкілдері қатысты.

«Сириус» мектебінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалар, сондай-ақ жасанды интеллект, ғарыш, инженерия және өмір туралы ғылымдар бағытындағы пәнаралық курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстандық оқушылар «Сириус» орталығының бағдарламаларына қазірдің өзінде қатысуда. 2024-2025 жылдар аралығында балалар «Үлкен перспективалар» ғылыми-технологиялық байқауының жобалық командаларында жұмыс істеді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды.

Саммитке дарынды оқушылар мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтер қатысты. Саммит аясында мектеп пен орталық жобасының таныстырылымы, «Сириус» мамандарының дәрістері мен шеберлік сабақтары, «Үлкен перспективалар» байқауы жобаларының көрмесі, сондай-ақ мұғалімдерге арналған курс өтті.

Саммит бағдарламасы аясында оқушыларға арналған ғылыми-көпшілік дәрістер, «Сириус» жетекші сарапшыларының шеберлік сабақтары, математика және жаратылыстану пәндері педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы да өткізілді. Оқушылар генетикалық және ақпараттық технологиялардың дамуымен танысып, квадрокоптер немесе робот құрастырып, бағдарламалап көрді, мидың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерделеп, «Сириус» білім беру орталығының академиялық және индустриялық серіктестерінен ұсынылған жобалық тапсырмалармен жұмыс істеді.

«Бүгін ғимараттың алғашқы кірпіші қаланды. Бұл жай ғана символдық қадам емес, бұл мектептің қалай құрылатынын айқындайтын практикалық жұмыстың басталуы. Ол білім беру бағдарламаларын қалыптастырудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Жоба жаратылыстану ғылымдары мен заманауи технологиялар саласына  кіріктірілген бағыттарға негізделіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады», - деп атап өтті Аида Балаева.

«Бүгін біз мемлекеттеріміздің басшылары қойған стратегиялық міндетті шешіп отырмыз. Үздік педагогтермен, ғалымдармен және технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстан оқушыларының талантын дамытуға барлық жағдай жасалған зияткерлік, мазмұнды және қауіпсіз орта қалыптастырып жатырмыз. Қазіргі балалар кейде тәжірибелі мамандардың өзі қиналатын мәселелерді шешуге дайын. Сондықтан «Сириус» жобалық қызметті дамытуға ерекше мән береді. Біздің флагмандық жобамыз саналатын “Үлкен перспективалар” байқауы осының айқын дәлелдейді. Биыл байқау 11-рет өткізіліп, халықаралық мәртебе алды», - деді Елена Шмелева.

Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігімен бірлесіп Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында «Сириус» университетінің «Ғылыми-технологиялық білім беру көшбасшылары» атты екі жылдық магистрлік бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама дарынды балалармен жұмыс істеуге, жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша, соның ішінде педагогикада жасанды интеллектіні қолдану саласында мамандар даярлауға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті