Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда хабар-ошарсыз кеткен 34 адамның мекенжайы анықталды

Павлодарда хабар-ошарсыз кеткен 34 адамның мекенжайы анықталды
Фото: polisia.kz

Павлодарда хабар-ошарсыз кеткен 34 адамның мекенжайы анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Адамдардың жоғалуына әртүрлі себептер әсер етеді. Отбасылық дау-жанжалдар, психикалық бұзылыстар, қылмыстар, тұрмыстық жағдайлар, немесе жеке өмірін қайта бастау, проблемалардан қашу үшін өз еркімен кетуі мүмкін. Іздеу мерзімі жоғалған адамның өмір салты мен жоғалу себебіне байланысты болады. Тергеу-жедел әрекет тобы адам туралы жалпы мәліметтерді анықтайды: жас мөлшері, бойы, салмағы, дене бітімі, шашы мен көзінің түсі, киімдері, ұялы телефон нөмірлері, достары мен әріптестері, ауруханалар, арнайы мекемелер тексеріледі.

– Тек 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде Павлодар облысы полициясына азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуына қатысты 56 өтініш түскен, оның ішінде 34 адамның орналасқан жері анықталды. Көптеген жоғалғандар бір тәулік ішінде табылды. Басқаларының орналасқан жері іздестіру шаралары барысында анықталған, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов. 

Балаларды іздеу кезінде ювеналды полиция инспекторларымен бірге сыныптастар, курстастар, достар, сауда үйлері, компьютерлік клубтар, ойын алаңдары, подъездер, парктер тексеріледі. Сонымен қатар волонтерлік ұйымдар тартылған, тәртіп сақшылар мен волонтерлер арасында тығыз байланыс орнатылған. Волонтерлер жоғалғандарды іздеу шараларына полицияға көмек көрсетеді. Көп жағдайда азаматтардан өтініштер жылы мезгілде түседі. Кейде оқу жылы басталған кезде де жоғалулар орын алады – балалар қате автобусқа отырып, бір күн бойы адасады.

Ата-аналар бұл туралы тек кешке ғана біліп, полицияға хабарлайды. Бақытқа орай, мұндай жағдайда барлық балалар қауіпсіз табылады. Жиі жоғалып кететіндер қатарында қарт адамдар да бар, олардың жасы ұлғайғандықтан, өз мекенжайын ұмытып, үйін таба алмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар жоғалуға алдын ала себептер әсер етуі мүмкін. Мысалы склероз, психикалық аурулар және т.б. Полиция тағы бір мәрте еске салады: жоғалған азаматтарды іздеуде басты фактор – уақытылы полицияға хабарлау. Сондай-ақ, жоғалған адамның жоғалу уақыты, орны, себептері туралы толық ақпарат беру өте маңызды, ештеңені жасырмау керек, өйткені әрбір ұсақ-түйек іздеу барысында маңызды болуы мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті