Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

Маңғыстау облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысында полицейлер хабарсыз кеткен жасөспірімді тауып, аман-есен ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақтау қаласындағы 11-шағынауданда болған. Кәмелетке толмаған бала велосипедпен серуендеуге шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше сағат өткен соң, баладан еш хабар болмағандықтан, ата-анасы алаңдап, полицияға жүгінген. Хабарлама түскен бойда Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жедел әрі үйлесімді жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бала Ақтау – Жаңаөзен тасжолының бойынан табылды.

Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция ротасынан Арман Ермұханов Нұрбақыт Тавиджан жұмылдырылды. Полицейлердің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында бала дер кезінде табылып, отбасына аман-есен қайтарылды. Ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың жүрген жерін үнемі бақылап отыру қажеттігін және төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдарына жедел хабарласу қажет екенін ескертті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті