Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада XIX Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

Астанада XIX Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

9 қарашада Астана қаласындағы №33 жайлы мектеп базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталды. Зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірінен 188 оқушы қатысуда. Олимпиада 13 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

11 (12)-сынып оқушылары математика, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сынайды. Олимпиада дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыруға бағытталған. Биыл олимпиаданың бірінші, өңірлік кезеңіне 3 690 оқушы қатысты. Екінші, іріктеу кезеңіне 406 оқушы өтіп, оның қорытындысы бойынша 188 үздік қатысушы республикалық кезеңге жолдама алды. Қатысушылардың жұмыстарын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ еліміздегі және шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен PhD докторларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Академиялық адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында олимпиаданың тікелей эфирі ұйымдастырылады. Трансляция сілтемелері daryn.kz ресми сайтында жарияланады. Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі зияткерлік сайыс дарынды оқушыларды қолдауға және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды