Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Келешек мектептерінің» оқушылары Қытайда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді

«Келешек мектептерінің» оқушылары Қытайда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандағы «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары 2025 жылғы 7–10 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл чемпионат робототехника, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар саласындағы Азиядағы ең ірі алаңға айналды. Әлемнің 30-дан астам елінен келген 500-ден астам команда мен 12 мыңнан астам қатысушы жиналды. Биылғы жарыстың тақырыбы «Су асты әлемін зерттеу». Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креативтілік және командалық жұмыс бойынша жоғары деңгей көрсетіп, еліміздің намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады: 2 қола медаль – Champions Award және чемпионаттың басты марапаты: Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас) және Орал қаласының Оқушылар сарайының «Subsquad» командасы (Challenge санаты, 10–16 жас). 6 арнайы төрешілер жүлдесі:

• Innovation Project Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Алматы қаласындағы №97 мектептің Nova Team командасы;

• Core Values Award – Leas оқу орталығының Alliance командасы;

• Challenge Solution Award және Innovation Project Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Түркістан облысындағы №33 мектептің AquaBots командасы;• Core Values Award және Engineering Excellence Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Шымкент қаласындағы №149 мектептің Yassi командасы;

• Challenge Solution Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Қызылорда облысындағы №290 мектептің OtAi командасы;

• Team Poster Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Алматы қаласындағы №97 мектептің Arctic Rescuers командасы;

• Team Model Award – Алматы қаласындағы оқушылардың «Alem» инновациялық шығармашылық орталығының Alem Innovators командасы. Біздің оқушыларымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Анықтама:FIRST LEGO League — мектеп оқушыларының инженерлік және зерттеу дағдыларын LEGO Education платформасы арқылы жобалық қызмет пен робототехника саласында дамытуға бағытталған жетекші халықаралық бағдарлама. Еске сала кетейік, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде бұл бағдарламаның операторы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті