Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына орай поэзия мен музыкаға толы шығармашылық кеш өтті

Алматыда Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына орай поэзия мен музыкаға толы шығармашылық кеш өтті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алатау дәстүрлі өнер театрында белгілі қазақ ақыны Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған «Жыр аққуы – Марфуға» атты шығармашылық кеш өтті. Мерейтой иесін құттықтауға жазушылар, ақындар, белгілі өнер қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері жиналды. Іс-шара Алматы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марфуға Айтқожа – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. Туған жер, махаббат, адам сезімі мен халық тағдырын арқау еткен шығармалары қазақ поэзиясында айрықша орын алады.

Мерейтой кешін дирижер Жексен Айсынның жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі ашты. Музыкалық қойылымдар ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырған поэзиялық композициялармен алма-кезек өріліп отырды.

Кеште Қазақстанның халық артисі Шахимардан Әбілов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Махмұт Тойкенов, Гүлзат Дәуірбаева, Әділет Жексенби, Тілебек Қожанұлы, Еркін Шүкіман, Қабылаш Әбікейұлы және халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрсұлтан Сабиров өнер көрсетті.

Бағдарламадағы ерекше қойылымдардың бірі актер Болат Әбділманов орындаған «Абай аманаты» монологы болды. Ал «Алатау» театрының артистері «Аққу жүрек» атты поэзиялық композиция ұсынды.

Кеш қонақтарының қатарында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов пен Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы болды. Олар ақынды мерейтойымен құттықтады.

Кеш соңында Марфуға Айтқожа көрермендерге алғыс білдірді. Сондай-ақ Алматы әкімдігіне, ұйымдастырушыларға, өнер көрсеткен артистерге және мерейтой қуанышын бірге бөлісуге келген барша қауымға ризашылығын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды