Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында полиция 500-ден астам ауыр жүк көлігін сүйемелдеді

Ақтөбе облысында полиция 500-ден астам ауыр жүк көлігін сүйемелдеді
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында 20-31 наурыз аралығында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шаралар аясында ауыр және ірі габаритті жүк көліктерін сүйемелдеуге ерекше назар аударылуда. Республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда, атап айтқанда Самара – Шымкент, Ақтөбе – Орынбор, Ақтөбе – Астрахань бағыттарында полиция нарядтарының саны арттырылды. Күн сайын қарбалас уақыттарда полиция қызметкерлері жүк көліктерін ұйымдасқан түрде сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар басталғалы бері 500-ден астам ауыр жүк көлігі сүйемелденді. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдағы кептелістерді азайтуға және ауыр көліктердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар облыстың барлық аудандарында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Апат қаупі жоғары учаскелерде бақылау күшейтіліп, автоматты режимде жұмыс істейтін мобильді кешендер, сондай-ақ заманауи технологиялар, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) кеңінен қолданылуда. Профилактикалық жұмыстар шеңберінде "Жолдағы қабылдау" акциясы ұйымдастырылып, жүргізушілерге заңнама талаптары түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылуда. Сонымен қатар ауылдық округтердегі көлік иелерімен түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Полиция департаменті атап өткендей, әсіресе ауыр жүк көліктерін басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – жол қауіпсіздігінің басты кепілі. Алдағы уақытта да жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар жалғасын табады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді