Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысының жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны азайды

Маңғыстау облысының жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны азайды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысының жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны азайды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы биылғы жылдың алғашқы төрт айында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды. Есепті кезеңде жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты 8883 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар жасырын патрульдеу барысында 215 құқық бұзушылық анықталды. Қызметтік автокөліктерге орнатылған автоматты "Кибер-Шериф" және "ErkinPatrul G2" жүйелері арқылы 2310 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге төмендеген.

Жол апаттарының алдын алу мақсатында "Жолда қабылдау" акциясы ұйымдастырылып, жүргізушілер арасында түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар облыс аумағындағы жол бойына жақын орналасқан 107 шаруа қожалығында малдың жолға шығу деректерінің алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру шаралары өткізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы республикалық маңызы бар тас жолдарда 81 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сүзгілік бақылау бекеттері де тұрақты түрде жұмыс істеуде. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде өңірдегі апаттылық деңгейін төмендету бағытында оң динамика қалыптасып келеді. Жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді