Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов жылыту маусымын тұрақты өткізу және энергетика саласындағы кадр тапшылығын шешуді тапсырды

Олжас Бектенов жылыту маусымын тұрақты өткізу және энергетика саласындағы кадр тапшылығын шешуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының барысы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергетика саласындағы жағдай туралы баяндады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, жылыту маусымы штаттық режимде өтуде, өңірлердегі барлық тұтынушы электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Биыл электр стансаларында 9 энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары 8 энергоблок, 49 қазандық және 37 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды. Электр және жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергетика нысандарын салу, инженерлік желілер мен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңарту – осы ауқымды жұмыстың негізгі бағыттарының бірі», — деп атап өтті Премьер-министр.

Мемлекет басшысы жаңа электр стансалары мен электр желілерін салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту, сондай-ақ «таза» көмір генерациясы мен жаңартылатын энергетиканы толыққанды дамыту қажеттігін әрдайым атап өтеді. Осы орайда энергия нысандарын жөндеу мен жаңғыртуға биыл қомақты қаражат бөлініп жатыр.

Президент халыққа Жолдауында білікті энергетик мамандарды даярлау ісіне баса мән берді. Бұл орайда кәсіби мамандардың сабақтастығын қамтамасыз ету, практикалық құзыреттерді дамыту, әсіресе атом энергетикасының дамуын ескере отырып, саланың тұрақты кадрлық резервін қалыптастыру қажет. Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Энергетика министрліктеріне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, энергетика және жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Сонымен қатар күзгі-қысқы жылыту маусымына қатысты күнделікті мәселелерге назар аударылды. Бүгінде барлық өңірде жылу беру маусымы басталды. Жаз айларында жабдықтарды, жылу мен электр желілерін жөндеу шаралары қабылданды. Тұтынушыларға жылу кестеге сәйкес берілді. Бірақ жылудың сапасына наразы немесе жылусыз қалған тұрғындар тарапынан шағымдар да келіп түсуде. Олардың ішінде   Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындары бар.

Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жылу беру маусымына жауапты өңірлік штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың арыз-шағымдарына жедел әрекет етуді тапсырды. Сондай-ақ қыс айларындағы жұмыстарға авариялық бригадалар мен арнайы техниканы толық жұмылдыру қажет. Өңір әкімдіктеріне халыққа қажетті көмірдің тұрақты бағамен қолжетімді болуын бақылауда ұстау тапсырылды. 

Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктеріне энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, қажетті жабдықтар резервін әзірлеу тапсырылды. Премьер-министр жылыту маусымында халықты тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуді, әсіресе әлеуметтік нысандарды ерекше назарда ұстауды тапсырды.

Жалпы үйлестіру жұмыстары  Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды