Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дрондар жолдағы тәртіпті әуеден бақылауда: Абай облысында рейдтер күшейтілді

Дрондар жолдағы тәртіпті әуеден бақылауда: Абай облысында рейдтер күшейтілді
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Абай облысының автожолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары заманауи технологиялардың көмегімен күшейтілуде. Полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы қозғалыс барысын әуеден бақылауда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дрондар жолдағы жағдайды жоғарыдан бақылап, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу, белгіленген жылдамдықты асыру, қауіпті маневр жасау және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Әуеден бақылаудың басты артықшылығы — жолдың кең аумағын бір мезетте қамту. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттырып қана қоймай, қауіпті жағдайлардың алдын алуға да мүмкіндік береді.

Әсіресе қарсы бағытқа шығу секілді ережені өрескел бұзу ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Бір ғана қате маневр бірнеше адамның өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан жолдағы әрбір әрекеттің артында адам өмірі мен қауіпсіздігі тұрғанын естен шығармаған жөн.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, басып озу кезінде аса мұқият болуға және жол жағдайына қарай жылдамдықты дұрыс таңдауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді