Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың екінші кезеңі өткізілді

«Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жыл сайын Қазақстанның әр өңірінде өткізіледі. Биыл үйлестіру және басқару штабы Өскемен қаласында орналасты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – азаматтық  қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңде туындаған төтенше жағдайларды жоюға әзірлік деңгейін және қабілетін арттыру болып табылады.

Оқу-жаттығуларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков басқарды. Ол құтқарушылар мен жергілікті, орталық атқарушы органдардың қатал қыс кезінде туындайтын төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексерді.

Оқу-жаттығудың мазмұны бойынша қысқы қар құрсауында қалған тұрғындар жедел эвакуацияланды. Зардап шегушіні автокөліктен шығарылды және ірі жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралындағы өртті сөндірді. Мұз астына түсіп кеткен автомобильді шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастырылды және магистраль құбырдағы авария жойылды. Кинологиялық есептер қар көшкінінен зардап шеккендерді іздеп, тапты. Суда апатқа ұшыраған балықшыларға құтқару операциясын жүргізу үшін "МИ-171" тікұшағы жұмылдырылды.

Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабы мен мобильді байланыс торабы, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған шатырлы лагерь құрылды. Барлығы жеке құрамнан 8000-нан астам адам және 2500-ден астам техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша толық талдау жүргізіліп, құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындығына баға беріліп, төтенше қызметтердің жұмысын одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды