Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда аулаларындағы заңсыз шлагбаумдар мен бетон бөгеттер тексеріліп жатыр

Елорда аулаларындағы заңсыз шлагбаумдар мен бетон бөгеттер тексеріліп жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына кедергі келтіретін заңсыз бөгеттерге қарсы профилактикалық рейд өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өрт сөндіру, жедел жәрдем және полиция көліктерінің төтенше жағдай кезінде оқиға орнына кедергісіз әрі уақытылы жетуін қамтамасыз ету, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Рейдті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, прокуратура, Полиция департаменті және қала әкімдігімен бірлесіп өткізді. Мамандар аулаларды аралап, заңсыз орнатылған бетон блоктарды, шынжырларды, шлагбаумдарды және арнайы техниканың жүруіне кедергі келтіретін өзге де тосқауылдардың бар-жоғын тексерді. Мемлекеттік қызметтер өкілдерінің айтуынша, заңбұзушылықтар бойынша оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жою шаралары қабылданады.

«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мұндай рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді. Бұл рейдтер прокуратура, ішкі істер органдары және әкімдік өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылады. Рейдтердің негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу, анықталған заңбұзушылықтарды жою. Сондай-ақ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру. Осыған байланысты рейд барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға жол бермеу қажеттігі кеңінен насихатталады», – деді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Өміржан Тұқышев.

Мамандардың айтуынша, көп жағдайда тұрғындар көлік қою орындарын сақтап қалу немесе бөгде көліктердің кіруін шектеу үшін әртүрлі кедергілер орнатады. Алайда мұндай әрекеттер төтенше жағдай кезінде санаулы минуттың өзін шешуші факторға айналдырып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды аулаларда заңсыз бөгеттер орнатпауға және арнайы техниканың еркін қозғалысына жағдай жасауға шақырады. Себебі төтенше жағдайда әрбір минут аса маңызды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді