Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады

Астанада полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады
Фото: polisia.kz

Астанада полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы елорда тұрғыны таныстарына ипотеканы рәсімдеуге көмектесетінін айтып, уәде берген. Оның сөзіне сенген азаматтар оған ақша қаражатын тапсырған. Алайда күдікті кейіннен байланысқа шықпай қойған. Келтірілген шығын көлемі 3,2 миллион теңгені құрады. Екінші жағдайда 62 жастағы әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде етіп, азаматтардың ақшасын иемденген. Осы деректердің бірінде келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құраған. Аталған екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция азаматтарды қырағы болуға және ипотеканы жылдам рәсімдеу немесе баспана алып беру туралы уәделерге сенбеуге шақырады. Ақша бермес бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығын мұқият тексеріп, күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды