Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полиция "SOS" батырмасы арқылы түскен шақыртуларға жедел көмек көрсетуде

Елордада полиция
Фото: polisia.kz

Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында 50 "SOS" батырмасы орнатылған және тәулік бойы жұмыс істейді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жедел шақыру пункттері азаматтар көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда теміржол вокзалдары, базарлар мен қалалық саябақтар аумағында орналасқан. Бұл инфрақұрылым төтенше жағдай туындаған сәтте полициядан жедел әрі ыңғайлы түрде көмек сұрауға мүмкіндік береді. "SOS" батырмасы арқылы түскен әрбір сигнал бірден полицияның жедел басқару орталығына жолданып, белгіленген тәртіпке сәйкес жедел өңделеді.

Оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция жасағы дереу жіберіледі. Жыл басынан бері "SOS" батырмасы арқылы 31 өтініш қабылданып, барлық жағдайда азаматтарға қажетті көмек көрсетілді. Солардың бірі, қала тұрғыны "SOS" батырмасы арқылы көмек сұраған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әйел адамның өтінішіне себеп болған жағдайды анықтады. Тексеру барысында оның күйеуінің мас күйде болғаны белгілі болды. Қоғамдық тәртіп пен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азамат полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен медициналық оңалту орталығына жеткізілді. Полиция тұрғындарды қауіп төнген немесе шұғыл көмек қажет болған жағдайда "SOS" батырмасын немесе "102" нөмірін пайдалануға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды