Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада "SOS" батырмалары тиімді жұмыс істеп тұр

Астанада
Фото: polisia.kz

Астана қаласында тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 40 "SOS" жедел шақыру батырмасы орнатылып, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған батырмалар адам көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда теміржол вокзалдары, базарлар мен қалалық саябақтар аумағында орналасқан. Бұл инфрақұрылым төтенше жағдай туындаған сәтте азаматтарға полициядан жедел әрі қолжетімді түрде көмек сұрауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері "SOS" батырмалары арқылы полицияға 9 өтініш келіп түскен.

Барлық хабарламалар бойынша тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, оқиға орындарына дер кезінде жетіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізген. Мәселен, кешкі уақытта Қабанбай батыр даңғылы бойындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында күдікті тұлғалардың жүргені туралы хабарлама тіркелген. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері аумақты тексеріп, мән-жайды анықтау үшін қажетті шараларды қабылдады. Полиция тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде "SOS" батырмасын немесе "102" арнасын пайдалануға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады