Астанада биыл “SOS” дабыл батырмасына 42 азамат жүгінді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұялы немесе өзге де байланыс болмаған жағдайларда полицияны шұғыл шақыру мүмкіндігі үшін елордада “SOS” дабыл батырмасы жобасы іске асырылған. Бұл жоба елорда тұрғындары мен қонақтары арасында полициямен өзара іс-қимыл жасау үшін белсенді пайдалануда.
Қала көшелерінде, саябақтар мен гүлзарларда 35 арнайы құрылғы орнатылған. Осы жылдың басынан бастап “SOS” батырмасына 42 нақты өтініш келіп түсті. Негізгі келіп түскен қоңыраулар тыныштықты бұзу, қоқыс шығару, жол қозғалысы ережелерін бұзу, ұрлық, тонау, ЖКО және т. б. фактілер бойынша.
Мысалға, түнгі 23:00 шамасында қала тұрғыны “SOS” батырмасы арқылы полицияға Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолы қиылысында мопед жүргізушісінің қатысуымен ЖКО болғанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер мән-жайды анықтап, хаттама толтырды. ЖКО салдарынан жарақат алған мопед жүргізушісі емханаға жеткізілді.
Сондай-ақ кешкі уақытта тағы бір қала тұрғыны арнайы батырманы қолдану арқылы Қарасай батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлаған. Шақырауға жедел шыққан полицейлер LADA Kalina және Passat көліктерінің соқтығысып қалғанын анықтап, тиісті хаттама толтырды.