Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“SOS” түймесі павлодарлық әйелді қауіпті жағдайдан құтқарды

“SOS” түймесі павлодарлық әйелді қауіпті жағдайдан құтқарды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда “SOS” түймесі әйелге қауіпті жағдайдан құтылуға көмектесті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту – полиция қызметінің басты қағидаты. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында Павлодар облысының тұрғындары төтенше жағдайда полицияға хабарласудың тағы бір тиімді тәсілін пайдалана алады. Егер басқа мүмкіндіктер болмаса, олар "SOS" батырмасын басу арқылы көмек сұрай алады.

– Кез келген төтенше жағдайда "SOS" батырмасы арқылы полицияға хабарласуға болады, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Жуырда жедел басқару орталығының операторына "SOS" батырмасы арқылы бейнеқоңырау түсті. Әйел адам полициядан көмек сұрап, танысымен жанжалдасып қалғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Жәбірленушінің өтініші негізінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Белгілі болғандай, әйелдің ұялы телефоны бұзылып, жаңасын сатып алуға үлгермеген. Дегенмен, қиын жағдайға тап болған сәтте "SOS" батырмасын байқап, оны пайдаланды.

– Менің қоңырауым мүмкін мені ауыр қылмыстые құрбаны болудан құтқарған болар, – дейді жәбірленушінің өзі.

Полиция департаменті егер құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 нөміріне қоңырау шалуға, "Police 102" мобильді қосымшасын немесе "SOS" батырмасын пайдалануға болатынын еске салады. Сондай-ақ құқық бұзушылық туралы ақпаратты Instagram @dp_pavlodar директіне жіберіңіз.

"Заң және тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының басты ұстанымы. Азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мақсат. Заңды бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады