Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда есепте тұрған 80-нен астам сотталғанның жаза түрі өзгертілді

Маңғыстауда есепте тұрған 80-нен астам сотталғанның жаза түрі өзгертілді
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында 80-нен астам сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында пробация қызметі пробациялық бақылау талаптарын бұзған сотталғандарға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа 125 ұсыныс жолдады. Олардың 80-нен астамы соттың қарау нәтижесінде қанағаттандырылды. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың мінез-құлқын бақылау, сот жүктеген міндеттердің орындалуын қадағалау және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар заң талаптарын сақтауға және сот жүктеген міндеттерді орындауға міндетті.

Алайда олардың кейбірі пробациялық бақылау талаптарын бұзып, заңда көзделген шаралардың қолданылуына себеп болады. Ең жиі кездесетін бұзушылықтарға пробация қызметіне белгіленген уақытта келмеу, тұрғылықты жерінде болмау, пробация қызметінің рұқсатынсыз белгіленген аумақтан өз бетінше кету, электрондық бақылау құралдарын бүлдіру немесе оларды пайдаланудан жалтару, сондай-ақ сот жүктеген міндеттерді орындамау жатады. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған азаматтармен тұрақты түрде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кездесулер барысында оларға заң талаптарын сақтау, белгіленген шектеулерді орындау және оларды бұзудың құқықтық салдары туралы түсіндіріледі.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, пробациялық бақылау талаптарын бұзу фактілері әлі де кездеседі. Мұндай жағдайларда пробация қызметі заңнамада көзделген шараларды қабылдап, жазаны ауыстыру мәселесін қарау үшін тиісті материалдарды сотқа жолдайды. Түпкілікті шешімді сот заңда белгіленген тәртіппен қабылдайды. Пробация қызметінің негізгі міндеттері — сотталғандардың мінез-құлқын бақылаумен қатар, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу. Сот жүктеген міндеттерді орындау және белгіленген талаптарды сақтау — жазаны өтеудің маңызды шарттары. Заң талаптарына жауапкершілікпен қарау қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды