Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

Маңғыстау облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Мұнайлы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат бас бостандығын шектеу жазасына сотталған болатын. Пробация есебінде тұрған кезеңде сотталған ер адам өзіне жүктелген міндеттерді жүйелі түрде орындамай, белгіленген тәртіпті бірнеше рет бұзған. Оған пробация қызметкерлері тарапынан бірнеше рет ресми ескерту берілгенімен, ол өзіне тиісті қорытынды шығармады. Осыған байланысты, пробация қызметкерлері сотқа жазаны неғұрлым қатаң түрге ауыстыру туралы тиісті ұсыныс енгізді.

— Біздің басты мақсатымыз — есепте тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасамауына ықпал ету және олардың түзелуіне көмектесу. Алайда бұл азамат өзіне берілген мүмкіндікті бағаламады. Ол белгіленген уақытта тіркеуге келмей, пробациялық бақылаудан жалтарды, сондай-ақ сот жүктеген міндеттерді елеусіз қалдырды. Бірнеше рет жасалған ескерту нәтиже бермегендіктен, біз заң аясында шара қолдануға мәжбүр болдық. Бұл жағдай басқа сотталғандарға сабақ болуға тиіс, — деп атап өтті Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Смағұл Құламанов. 

Сот материалдарды жан-жақты қарап, сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сот қаулысына сәйкес, сотталған тұлға сот залында қамауға алынды. Енді ол жазасының қалған бөлігін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді