Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

Қызылордада тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Қызылордада тәртіп бұзған есептегі сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда қалалық пробация қызметі есебінде 500-ге жуық сотталған тіркеуде тұр. Жыл басынан бері жаза өтеу талаптарын орындамаған, отбасында тыныштықты бұзып, бірнеше рет берілген ескертуге құлақ аспаған 11 сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Солардың қатарын бүгін тағы бір азамат қосылды. Есептегі азамат 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Сонымен қатар оған 100 сағат мәжбүрлі еңбек міндеттеліп, пробация қызметінің есебіне алынған. Алайда сотталған азамат белгіленген талаптарды өрескел бұзған. Ол пробация қызметіне уақытылы тіркелмей, жаза өтеуден жалтарған, мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартқан.

Бұдан бөлек, ішімдікке салынып, отбасының берекесін алған. Осыған байланысты пробация қызметі сотқа ұсыныс жолдап, бас бостандығын шектеу жазасын қатаң жаза — бас бостандығынан айыруға ауыстыруды сұраған. Нәтижесінде сот шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі, яғни 2 жыл 6 ай мерзім түзеу мекемесінде өтелетін болды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті