Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған темір торға жіберілді

Қызылордада жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған темір торға жіберілді
Фото: polisia.kz

Қызылордада жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған темір торға жіберілді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат енді жазасының қалған бөлігін түзеу мекемесінде өтейтін болды. Аталған азамат сот үкімімен ұрлық жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған. 2025 жылдың қазан айында ол Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне алынған.

Алайда есепке алынғаннан кейін бар болғаны екі айдың ішінде пробациялық бақылаудан жасырынып, сот үкімімен белгіленген мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартқан. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сәйкес, бас бостандығын шектеу жазасына сотталған адамның пробациялық бақылаудан жасырынуы немесе мәжбүрлі еңбекті дәлелсіз себептермен бір ай ішінде екі және одан да көп рет орындамауы – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзу болып саналады. Осыған байланысты пробация қызметі сотталған азаматқа қатысты Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным жолдады.

Сот қаулысымен сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 2 жыл 8 ай 11 күн мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Қаулы заңды күшіне енді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі