Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Каспий теңізінің жағалауындағы 5,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Каспий теңізінің жағалауындағы 5,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Маңғыстау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызы негізінде сот Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, жалпы ауданы 5,9 гектар коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде жер учаскелерін беру барысында заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, жер учаскелері сауда-саттық өткізілмей берілген.

Осы заңбұзушылықтарды жою үшін департамент Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз берді.

Сот істі қарау нәтижесінде департаменттің талаптарын қанағаттандырды. Осылайша, коммерциялық мақсаттағы жалпы ауданы 5,9 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Министрлік жер заңнамасының сақталуын бақылау және мемлекет мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды