Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Түркияның аграрлық секторды цифрландыру, ауыл шаруашылығы техникасын сынақтан өткізу және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу бағытындағы тәжірибесін зерделеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңызды шара Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.Министрлік өкілдері Анкара және Конья қалаларындағы бейінді мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, Түркияның агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық тұрғыдан дамыту тәсілдерімен танысты.

Анкара қаласында делегация мүшелері ауыл шаруашылығында қолданылатын цифрлық құралдардың мүмкіндіктерімен танысты.

Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің өкілдері ведомствоның ақпараттық жүйелері туралы жан-жақты баяндап, саланы цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттарына айрықша назар аударды.

Ал, Конья қаласында ғылыми зерттеулерге және заманауи агротехнологияларды өндіріске енгізуге басымдық берілді. Топырақтану, су ресурстары және шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері мен олардың нәтижелерін ауыл шаруашылығы өндірісінде іс жүзінде қолдану тәжірибесіне баса көңіл бөлінді.

Сонымен қатар делегация ауыл шаруашылығы техникасы мен өнеркәсіптік қозғалтқыштар шығаратын кәсіпорындардың өндірістік үдерістерімен танысты. Қазақстандық тарапқа өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері және түрік компанияларының машина жасау саласындағы тәжірибесі туралы айтылды.

Аталған бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамыту кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды енгізуге және ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды