Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Өзбекстан аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Өзбекстанда өткен «Италия – Орталық Азия (C5) + Әзербайжан» бизнес-форумына қатысты. Іс-шара тұрақты агроэкожүйелерге арналған инновациялар, регенеративті ауыл шаруашылығы және цифрландыру мәселелеріне арналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум аясында Ермек Кенжеханұлы Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Иброхим Абдурахмоновпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады. Заманауи технологияларды енгізу, тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу және экологиялық тәуекелдерді төмендету бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы, оның ішінде дәнді, бұршақты және майлы дақылдар бойынша ынтымақтастықты тереңдету перспективалары жеке қарастырылды, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру мен өзара жеткізілімдерді арттыру мәселелері талқыланды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, аграрлық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететіні атап өтілді.

Қазақстан тарапы Өзбекстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға және екі елдің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ Ермек Кенжеханұлы Италия Республикасының ауыл шаруашылығы, азық-түлік егемендігі және орман шаруашылығы министрі Франческо Лоллобриджидамен кездесу өткізді. Тараптар аграрлық саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Италиялық бизнес өкілдерімен кездесулер барысында инвестициялық әріптестікті кеңейту және озық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады