Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда биыл отбасы шырқын бұзған 300-ге жуық адам қамауға алынды

Петропавлда биыл отбасы шырқын бұзған 300-ге жуық адам қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Петропавлда биыл отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1141 құқық бұзушылық тіркелді. 12 қылмыс жасалған, оның екеуі кісі өлтіру фактісі, ал бесеуі - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» мәселесі бойынша Петропавл полицейлері есеп берді. Бірінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Әбілқайыр Қазжанның мәліметінше, облыс орталығында профилактикалық есепте түрлі санат бойынша 2362 адам тұр.
Жыл басынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1141 құқық бұзушылық тіркелді. 874 адам жауапқа тартылған, соның ішінде 85-і ескерту түріндегі жаза алса, 294-і әкімшілік қамауға алынды. 491 материал тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.

«Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған 89 адам жауапқа тартылды. Оның 22-сі ескертілді, 8-і әкімшілік қамауға алынды; 59 тарап татуласты.

Ұрып-соғу үшін 3 адам жазаланса, соның біреуі қамалды.
Құқық бұзушыларға қатысты 1105 қорғау ұйғарымы, 224 ерекше мінез-құлық талаптары шығарылды», - дейді Әбілқайыр Қазжан.

Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін 4970 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде 367 адам әкімшілік қамауға алынды.

«Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін Жамбыл ауданы Благовещенка ауылының мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне 67 адам жіберілді, ерікті негізде психикалық денсаулық орталығына 34 маскүнем орналастырылды.

Жыл басынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 12 қылмыс жасалды, соның сегізінде қылмыскерлер мас болған. Соның ішінде кісі өлтіруге қатысты екі факті, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 5 фактісі, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтірудің 3 фактісі тіркелді», - дейді полицей.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты