Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада екі оқушы аялдамадағы бейнебақылау камерасын бүлдірген: полиция шара қабылдады

Елордада екі оқушы аялдамадағы бейнебақылау камерасын бүлдірген: полиция шара қабылдады
Фото: polisia.kz

Астанада 7-сыныпта оқитын екі оқушының қоғамдық мүлікті бүлдіру фактісі анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар Дәурен көшесіндегі аялдамада орнатылған бейнебақылау камерасын қасақана зақымдаған. Аталған факті бойынша оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары, сондай-ақ бөтеннің және қоғамдық мүлікті қасақана зақымдағаны немесе жойғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Әсіресе қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау жүйелерінің маңызы атап өтілді. Мұндай нысандарды бүлдіру материалдық залал келтіріп қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікке де кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар аталған факт бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты заң аясында шара қолданылды. Полиция қоғамдық және бөтеннің мүлкін бүлдіру немесе жою — заңмен тыйым салынған әрекет екенін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың заңға қайшы әрекеттері олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің де жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады