Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция бір күнде қоғамдық көліктерде 200 құқық бұзушылықты анықтады

Полиция бір күнде қоғамдық көліктерде 200 құқық бұзушылықты анықтады
Фото: polisia.kz

Заң мен құқықтық тәртіпті, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға мүлдеу төзбеуді қамтамасыз ету мәселесі ІІМ-нің жіті назарында. Жыл басынан бері ішкі істер органдарымен 140 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар қоғамдық көліктегі бұзушылықтардың жиіленуіне байланысты министрлікпен ел аумағында “Тасымалдаушы” рейдтік профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Шараның негізгі мақсаты – жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

– Осы мақсатта полиция көліктік кәсіпорындардың басшыларымен кеңестер өткізді, онда автобустарды бейнебақылау камераларымен, 102 каналына шығатын дабыл нүктелерімен жабдықтау мәселелері көтерілді.

Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларымен 5 700-дей автобус жабдықталған, оның 900-інде бейнені онлайн-қарау мүмкіндігі бар, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Профилактикалық іс-шараның бірінші күні қоғамдық көліктерде жасалған 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:<!--more-->

– мүлікті қасақана жою және бүлдіру;

– спирттік ішімдіктерді ішу және мас күйінде жүру;

– белгіленбеген орындарда темекі шегу;

– ұсақ бұзақылық;

– ортақ пайдалану орындарын ластау және басқалары бар.

Қоғамдық көліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Осыған байланысты полиция азаматтардан қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда дереу 102-ге хабарлауды сұрайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады