Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Автобус аялдамасын сындырған: елордада қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды

Автобус аялдамасын сындырған: елордада қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада патрульдеу барысында полиция қызметкерлері сауда үйлерінің бірінің жанындағы аялдамада орындықта ұйықтап жатқан ер адамды байқады. Қоғамдық орында болу себебін анықтау кезінде азамат кенеттен агрессия танытып, жерден тас алып, аялдама павильонының шынысын сындырған. Сондай-ақ ер адамның жол жүру бөлігін кесіп өтіп, көлік қозғалысына кедергі келтіргені және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіргені анықталды. 42 жастағы құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан вандализм, бұзақылық және мәдениетсіздік әрекеттеріне “нөлдік төзімділік” қағидатын енгізу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактілері бойынша 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 61-і қамауға алынған. “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында полиция кез келген құқық бұзушылыққа қатаң түрде тосқауыл қоймақ. Қоғамдық тәртіпке құрметпен қарап, құқық бұзушылықтардың куәсі болған жағдайда 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады