Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жыл басынан бері қала мүлкіне келтірілген зиянға қатысты 70-ке жуық дерек тіркелді

Астанада жыл басынан бері қала мүлкіне келтірілген зиянға қатысты 70-ке жуық дерек тіркелді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін бүлдіру деректерін анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Негізгі басымдық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және қала инфрақұрылымы нысандарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға беріліп отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала бойынша бейнебақылау камералары орнатылып, қоғамдық орындарға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмысын да белсенді атқаруда. Атап айтқанда, дауыс зорайтқыш құрылғылар мен дрондар арқылы қоғамдық тәртіпті сақтау және ортақ мүлікке ұқыпты қарау қажеттігі ескертіледі.

Жыл басынан бері елорда полициясы қаладағы мүлікті бүлдірудің шамамен 70 дерегін тіркеген. Көбіне аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және жарнамалық құрылымдар зақымданады. Сонымен қатар тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі бейнекамералар мен лифт жабдықтарын бүлдіру жағдайлары да жиі кездеседі.

Полиция ескертеді: бөтен мүлікті қасақана бүлдіргені үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі тұлғалар келтірілген шығынды өтеп, айыппұл төлеуі немесе әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Полиция департаменті азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырады. Вандализм фактілері анықталған жағдайда «102» нөміріне дереу хабарлау қажет. Сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, қоршаған ортаға және ортақ мүлікке құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу маңызды. Қаладағы тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір елорда тұрғынының ортақ міндеті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады