Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада екі облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Астанада екі облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті. Екі өңірден елордаға барлығы 400 тоннадан астам түрлі өнім жеткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке Қарқаралы көшесі, 1 мекенжайындағы ипподром аумағында өтіп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының фермерлері елорда тұрғындарына ет және сүт өнімдерін, балық, бал мен ара шаруашылығы өнімдерін, өсімдік майын, жарма, шұжық өнімдерін, қымыз, ұлттық тағамдар және басқа да тауарларды ұсынды.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, өңірден жәрмеңкеге 50-ден астам түрлі өнім жеткізілген.
Ал Ақтөбе облысынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен өңдеуші кәсіпорын, сондай-ақ өңірдің 12 ауданынан фермерлер қатысты.

Жәрмеңкеде тұрғындар қажетті азық-түлігін тиімді бағамен сатып алып жатыр.

«Жәрмеңкеден азық-түлікті тиімді бағамен алып жатырмыз. Қажетті өнімдердің барлығы бар. Осындай жәрмеңкенің Астанада ұйымдастырылып жатқанына дән ризамыз», – деді елорда тұрғыны Жәмилә Насырова.

Жәрмеңке барысында Шығыс Қазақстан облысының өнерпаздары да көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынып, шараның көркін қыздырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді