Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

18-19 қазан күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген тауар өндірушілері қатысатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде 190-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады.Астаналықтар мен қала қонақтарының назарына 1 300 тоннадан астам экологиялық таза және сапалы азық-түлік өнімдері ұсынылады: барлық түрдегі ет, шұжық және консерві өнімдері; сүт және сүт өнімдері, ұлттық сусындар; балық пен бал өнімдері; ұн, макарон және кондитерлік өнімдер; көкөніс, картоп, бақша дақылдары және басқа да тағам түрлері.Барлық өнімдер қолжетімді бағада сатылады.

Жәрмеңкеге Павлодар облысының ірі кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары – «Победа» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Табыс» ШҚ, «BEST MILK» ЖШС, «ЭКО ДОМ» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Мяском» ЖШС қатысады.Солтүстік Қазақстан облысынан ет, сүт және кондитерлік өнім өндіруге маманданған 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін әкеледі. Жалпы жеткізілетін өнім көлемі 1,3 мың тоннадан асады.Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары аймақтық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны тамашалай алады.Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, №37 және №303 бағытындағы автобустар қатынайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті