Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 6-7 қыркүйек күндері өтетін жәрмеңкеде екі облыстың фермерлері өнімдерін ұсынады

Астанада 6-7 қыркүйек күндері өтетін жәрмеңкеде екі облыстың фермерлері өнімдерін ұсынады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада 6-7 қыркүйек аралығында Жамбыл және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Жамбыл және Ұлытау облыстарының шаруалары ет, балық, сүт өнімдері, сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидектің кең таңдауын ұсынады. Өнімдердің фермерлерден тікелей жеткізілуі азық-түліктің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, отандық өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астанаға 350 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде 150 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 80 тонна ет пен ет өнімдері, 50 тонна бақша өнімдері, 30 тонна сүт өнімдері, 11 тонна балық, 6 мың дана жұмыртқа және 30 тоннадан астам басқа да азық-түлік болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден өнімді тікелей сатып алумен қатар, өңірлердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсететін концерттік бағдарламаны тамашалай алады.Жәрмеңке сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.Айта кетейік, биылғы жәрмеңке «Қазанат» ипподромы автотұрағының аумағында (Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайы) өтеді.Сонымен қатар жәрмеңке өтіп жатқан кезеңде қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін №18, №37 және №303 автобус бағыттары қатынайтын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді