Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Өмірге қайта келгендей болдым» - «Жусан» операциясымен елге оралған Алматы облысының азаматшасы

«Жусан» операциясының нәтижесінде елге оралғандардың қатарында Айдана Рахимбекова бар. Атамекенге келіп, қазір туған жерге оралғанына шүкіршілік етеді. Мемлекет басшылығына айтар алғысы зор, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Оның басқа елге кетуіне куйеуі ықпал еткен. 2012 жылы жұбайымен БАӘ-не барып, кейіннен Сириядан бірақ шығады. Себебі, жолдасы теріс діни ұйымдарға мүше болып, сол елге әскерге аттанады.

Тағдырдың берген сынағы деп қабылдаған келіншек, екі баласымен бір үйді мекен етіп, сыртқа шықпай тіршілік етті. Солай жүргенде, куйеуі 2 рет жарақат алып, қаза табады. Қиыншылық басталған кез сол кезең еді - дейді келіншек.

Жолдасы өмірден озғаннан кейін, тұрған үйді босатуды талап етіп, жесір әйелдер тұратын мадафаға ауыстыратынын айтады. Одан кейін де, біраз ауыртпалық көреді. Тағдырдың жазуымен Шам өлкесіндегі соғыстың зардабын басынан өткерген қазақтың қыздары, бір күні еліміз "Жусан" операциясын өткізгелі жатқанын естиді, осылайша туған жерге оралады. Қазір Алматы облысының Панфилов ауданында тұрады.

"Елбасы, мемлекет басшысына айтар алғысым зор. Сол кісілердің арқасында, елге оралып, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Бар затқа шүкіршілік етіп келеміз" - дейді Айдана. 

Жалпы, 2019 жылы террористік белсенді аймақтардан «Жусан» операция аясында Алматы облысына 53 азамат, оның ішінде 1 ер, 13 әйел, 39 бала қайтарылды.

Қазіргі таңда олардың 13-і басқа облыстарға қоныс аударса, 5 әйел мен 8 бала өзге аймақтардан көшіп келіп, Қарасай ауданы мен Талдықорған қаласына қоныстанды. Бұның сыртында террористік ұйымдардың қызметін насихаттағаны үшін 1 ер мен 2 әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ал, 2021 жылдың 27 наурыз күні Панфилов ауданына қайтарылған 1 әйел қайтыс болды. Оның кәмелеттік жасқа толмаған баласы сот шешімімен әжесінің қамқорлығына берілді.

Бүгінгі күнге қақтығыс аймағынан қайтарылғандардың саны 51 адамды құрап отыр. Оның 13-і әйелдер болса, 38-і балалар.

Өңірге қайтарылған азаматтармен кешенді теологиялық, психологиялық, медициналық, әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру аясында арнайы жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарда ұйымдастыру,  кешенді әлеуметтік, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, медициналык көмек, қоғамға қайта бейімдеу және оңалту бағыттары бойынша     25 іс-шара қарастырылған және уәкілетті мемлекеттік органдарға, аудандар мен қалалардың әкімдеріне жолданған.

Облыстық «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» тарапынан барлық объектімен сенімді қарым-қатынас орнатылып, ақпараттық-түсіндіру, нүктелі теологиялық оңалту, психологиялық коррекция және әлеуметтік бейімдеу шаралары жүйелі түрде істелуде. 

Атқарылған жұмыс нәтижесінде 2 баланың денсаулық жағдайы ерекше бақылауға алынып, жүйелі емдеу жүргізілуде. Атап айтсақ Жамбыл ауданына қайтарылған 2 баланың біреуіне  «Даун» синдромы, екіншісіне қақтығыс аймағында жамбас сүйегінің сынуы диагноздары қойылып,   мүгедектік рәсімделді. Алған жарақатына байланысты үйден оқыту қолға алынды.

Жалпы білім беру мекемесіне 20 бала орналастырылған. «Қамқорлық», «Мектепке жол» акциясы аясында құрал-жабдықтарымен, тегін тамақпен толық қамтамасыз етілді, қоғамдық көліктерде тегін жүруге арналған билеттер берілді. Балалар сабақтан тыс уақыттарында рухани-мәдени шараларға, шахмат, қолөнер, қаламгер, би, футбол, тіл үйрену сынды түрлі үйірмелерге жұмылдырылуы арқылы қоғамға тез  бейімделуде.

Екі жыл ішінде мектеп ішіндегі түрлі іс-шараларға белсенді қатысып,  сабақ үлгерімдері де жақсарды. Ал мектепке дейінгі жастағы 11 бала мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылып, тәрбие алуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді