Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Аттар марафоны» конкурсына қатысушылар Тываға келді

Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өтетін «Аттар марафоны» конкурсына қатысу үшін Тыва астанасына (Ресей Федерациясы) келді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстанның әскери қызметшілері Орталық әскери округтің таудағы мотоатқыштар құрамасы аумағында орналасты. Оларға әскери бөлім бойынша таныстыру экскурсиясы жүргізілді.

«Аттар марафоны» конкурсы «Кара Хаак» таудағы полигонында өтеді. Жарыс бағдарламасы басталғанға дейін қатысушылар қару-жарақ алып, қорытынды жаттығулар жасайды, жарыс бәйгесі өткізілетін маршрутпен және оның шарттарымен танысады.

Конкурс өткізілетін жерге келген Қазақстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан қарулы күштерінің командалары конкурс кезеңдерінен өту тәртібін талқылады. Қатысушылар су бөгеттері мен мина кедергілерінен тұратын ұзақтығы 100 километрден асатын марафонға шығады, бұл ретте қару-жарақ пен оқ-дәрілерді аттармен жеткізеді. Қорытынды кезеңде қысқа қашықтықтағы аралас эстафета болады. Маршруттан өту кезінде әскери қызметшілер белгіленген пункттерде бірқатар арнайы міндеттерді орындайды.

Қазақстанның әскери қызметшілері 2019 жылы «Аттар марафонына» қатысқан болатын. Ол кезде команда елге конкурстың «күміс» жүлдесімен оралған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты