Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

+997. Бағдат Мусин: «Қазақстан дербес телефон кодына көшеді»

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дербес ұлттық халықаралық телефон кодына қол жеткізді. Ұзақ уақытқа созылған келіссөздер нәтижесінде Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) Электр байланысын стандарттау бюросы Қазақстанға +7 телефон кодының орнына жеке-дара + 997 кодын белгіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазіргі таңда операторлармен бірге ҚР байланыс желілерінде жаңа халықаралық кодқа өту жоспары жасалды.

«Қазақстан өзінің ұлттық телефон кодына көшеді. ЦДИАӨМ Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Халықаралық электр байланыс одағында +997 кодын резервке қойды. Қазақстан осы кезге дейін +7 кодын Ресеймен бірге тең дәрежеде қолданып келсе, енді біздің елден сыртқа қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деп шығады. Толықтай дербес телефон кодына өту арқылы біз цифрландыру саласындағы өзгерістерге орай нөмірлеудің ұлттық ресурсын өзіміз үлестіріп, сондай-ақ абоненттер мен қызметтер бойынша ұлттық жүйені кеңейту мүмкіндігіне ие боламыз», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

ХЭБО регламентіне сәйкес, Ресей Федерациясының байланыс әкімшілігімен Қазақстанның +7 нөмірлеу аймағынан шығу мәселесі пысықталады. Осы процедура мәресіне жеткен соң біздің ел  +997 кодын қолданысқа енгізе бастайды.

ЦДИАӨМ жоспары бойынша Қазақстан жаңа ұлттық кодқа 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауысады. Десек те, қолданушыларға ыңғайлы болу үшін жаңа және ескі код екі жыл бойы бірдей қолданыста болады. Жаңа телефон кодына толығымен 2025 жылы көшу көзделіп отыр.

Айта кету керек, КСРО құлағаннан кейін +7 коды екі елге – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына ортақ код ретінде бекітілген болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды