Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың iKOMEK109 орталығы тұрғындардың 18 млн өтінішін қабылдап, өңдеді

Елорданың iKOMEK109 орталығы тұрғындардың 18 млн өтінішін қабылдап, өңдеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

2018 жылдан бері бірыңғай iKOMEK109 байланыс орталығы Астана тұрғындары мен қонақтарынан түскен 18 миллион өтінішті қабылдап, өңдеді. Бүгінде орталық қаланы басқару жүйесінің негізгі буындарының біріне айналып, мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтердің, аудан әкімдіктері мен жедел қызметтердің жұмысын үйлестіреді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2026 жылдың басынан бері iKOMEK109 орталығына 1,5 миллионнан астам өтініш түскен. Тұрғындар көбіне кеңес алу үшін жүгінеді. Негізгі мәселелер қатарында денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, электрмен қамту, коммуналдық қызметтер және қалалық инфрақұрылым бар.

2026 жылдың қаңтарында байланыс орталығы Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мамандары әзірлеген жеке ақпараттық жүйе – iKOMEK 2.0 платформасына толықтай көшті.

Жаңа жүйе өтініштермен жұмыс істеудің барлық кезеңін қамтиды, өтініштердің орындалу мерзімін бақылауға, қайталанатын өтініштерді анықтауға және нақты уақыт режимінде талдау жүргізуге мүмкіндік береді.Бүгінде iKOMEK109 дәстүрлі байланыс орталығынан қаланы заманауи ахуалдық басқару жүйесіне қарай дамып келеді. Тұрғындардың өтініштерін талдау, цифрлық сервистер мен жасанды интеллект технологиялары жүйелі мәселелерді жедел анықтауға, ықтимал тәуекелдерді алдын ала болжауға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді