Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жыл басынан бері iKOMEK109 орталығына 2 млн-нан астам өткініш түсті

Астанада жыл басынан бері iKOMEK109 орталығына 2 млн-нан астам өткініш түсті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Биыл жыл басынан бері iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 2 млн 78 мыңнан астам өтініш түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта iKOMEK109 орталығына 23 қалалық басқарма, 6 аудандық әкімдік, 25 коммуналдық қызмет, 79 лифт шаруашылығы және 1 372 тұрғын үйді басқарушы ұйым біріктірілген.Бірінші кезектегі міндет – тұрғындардың өтініштерін қашықтан жедел әрі тиімді шешу. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін омниканалды қызмет қағидаты енгізілген.

Бұл өтініш берушілерге түрлі арналар арқылы сұраныс жолдап, оның мәртебесін бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде өтініштердің 21 пайызы баламалы цифрлық сервистер арқылы қабылданады. Қысқа нөмір – 1-0-9-дан бөлек, iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына жүгінудің тағы 6 тәсілі бар: Telegram-бот, әкімдік сайты astana.gov.kz, iKOMEK109 мобильді қосымшасы, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалар, сондай-ақ 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы.

iKOMEK жүйесіне қала аумағындағы 12 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған. Олардың қатарында балабақшалар, мектептер, емханалар және басқа да нысандар бар. Негізінен камералар жол бөлігін, қиылыстарды, халық көп жиналатын орындарды – сауда орталықтарын, мешіттерді, ірі автобус аялдамаларын, вокзалдарды қамтиды.Сонымен қатар орталық операторлары маусымдық мониторинг аясында қардың уақытылы тазаланбауы, көктемгі су тасқыны мен жаңбыр кезіндегі су жиналу жағдайлары, ашық құдықтар және басқа да коммуналдық салаға қатысты проблемаларды анықтайды. Мұндай деректер қалалық коммуналдық қызметтермен жедел түрде пысықталады.

Қауіпсіздікті орталықтандырылған бақылау және тиімді үйлестіру үшін iKOMEK-ке Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері де тартылған. Олармен бірлесіп 2025 жылдың басынан бері 21 277 құқықбұзушылық анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті