Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үшінші мегаполисте цифрландыру саясаты жемісін бере бастады

Үшінші мегаполисте цифрландыру саясаты жемісін бере бастады
Фото: pixabay.com

«Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кез-келген мәселе бойынша қала тұрғындары хабарласа алатын бірыңғай байланыс орталығы.

Бүгінгі күні қалалық ситуациялық 109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 тәртібінде жұмыс істейтін, қала тұрғындарымен кері байланысатын жалғыз мекеме. Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, тұрғындар өтініштерінің арнайы тізіміне енгізіледі. Белгіленген мерзімде шешу үшін әрі қарай мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге жіберіледі. Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап бұр орталықта оператор саны 36-дан, 46-ға дейін ұлғайды.
"Орталықтың «109» қысқа нөмірімен қоса «87777109109» ватсап, Instagram желісіндегі «@ishymkent109», Facebook желісінде «Ikomek 109 Shymkent» және мобильді қосымша «iKolік» арқылы тәулігіне 800-ден астам шағым мен ұсыныс келіп түседі. Тұрғындардың басым бөлігі «109» нөміріне қоңырау шалғанды құп көреді екен. Орталыққа келіп түскен мәселенің 80 пайызы бір рет қоңырау соққаннан шешіледі. Негізінен, тұрғындар мейлі қоңырау болсын немесе әлеуметтік желіден шағымданса да, оның орындалу барысы бірнеше кезіңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қала тұрғыны қоңырау арқылы операторға мәселесін жеткізді делік, екінші кезеңде мәселе инспекторлардың алдына келеді де, оны саласына қарай тиісті басқармаларға сұрыптайды. Одан кейін мәселенің орындалуы үшін тиісті мекемелерге хат ретінде жолданады. Төртінші кезеңде ұсыныс немесе шағымның орындалғаны жайында хабарласқан тұрғынмен кері байланысқа шығады. Егер мәселенің шешіміне тұрғын қанағаттанса жабылады, егер қанағаттанбаса қайта қарау үшін тиісті мекемеге жіберіледі. Операторлар санының артуы тұрғындардың талап тілегінің оң шешілуіне көбірек жол ашады", – деді Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.
Шымкент халқының мәселесін қашықтан-ақ оңтайлы шешу үшін орталық бүгінде 123 мекемемен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Оның ішінде 22 басқарма, 5 аудан әкімдігі, 7 монополист компания, 71 денсаулық сақтау мекемесі, ТЖ департаменті, 10 лифттерге қызмет көресететін мекеме, қоғамдық тасымалдаумен айналысатын 4 компания және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бар. Жыл басынан бері орталыққа 204 мыңға жуық арыз-шағым түсіпті. Бүгінге дейін оның 200 985-і орындалып, қалған бөлігі қаралып жатыр. Тұрғындар «109» байланыс нөміріне көбіне кеңес алу үшін хабарласады екен. Осы мақсатта биылғы 136 766 қоңырау соғылыпты, арыз-шағым – 669 717, ұсыныс – 3 және тұрғындар 430 қоңырауды алғыс айту үшін соққан.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді