Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Ikomek 109 Shymkent»: коммуналдық мәселелер шұғыл шешімін табуда

«Ikomek 109 Shymkent»: коммуналдық мәселелер шұғыл шешімін табуда
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы әкімдігінің ситуациялық "iKomek" орталығы бірыңғай тегін 109 нөмірі арқылы және арнайы әлеуметтік желілер көмегімен қала тұрғындарына 24/7 тәртібінде қызмет көрсетеді. 

Мұнда қала халқы коммуналдық шаруашылық қызметіндегі мәселелерден бастап, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын-үй тіпті білім саласына қатысты проблемаларын да айтып шағымдана алады. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков демалыс күндері қаладағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, дәл осы орталықтың  жұмыстарымен танысты.  Бүгінде бұл мекеменің атқарып отырған шаруасы қыруар. Коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс тетіктерін біріктіретін мекеме 24/7 тәртібінде жұмыс істейді. Бүгінде бұл мекеменің атқарып отырған шаруасы қыруар. 

Тұрғындардың өтініштері белгіленген мерзімде мемлекеттік органдарға,  коммуналдық мекемелерге жіберіледі. Орталыққа жыл басынан бері мегаполис азаматтарынан 203 мың 916 арыз-шағым келіп түскен. Оның 98,5%-ы орындалып, өз шешімін тапты. Қалған өтініштер әзірге жауапты мекемелердің  қарауында. Мұнда күніне мыңнан аса арыз-шағым түсетін көрінеді.  Қала әкімі жауаптыларға азаматтармен кері байланыс орнату арқылы қызмет сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ орталық директорына бірде бір арыз-шағымды қараусыз қалдырмай, көтерілген мәселелерді шұғыл шешуді ұйымдастыруды ескертті. Жауаптыларға азаматтармен кері байланыс орнату арқылы қызмет сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады